Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өтірік «Шәмші»

24.10.2021, 9:00 248

HALYQLINE.KZ Бір заманда өтірік «Шәмшілер» көбейіп, атын пайдаланғандар аз болмаған. Бірде сыраханада Шәмші Қалдаяқов пен Әбілахат Еспаев тұрса, бір бейтаныс жігіт кеп:

– Мен Шәмші Қалдаяқовпын! – деп өзін таныстырыпты.

Екі дос не дерін білмей, бір-біріне қарапты. Сосын Әбекең:

– Мен Әбілахат Еспаевпын!

Ал Шәкең:

– Академик Ахмет Жұбановпын! – деп танысады.

Әлгі жігіт кеткесін Әбекең:

– Өлген кісінің атын айтып, өтірік танысқаның ұят емес пе? – дейді.

Сонда Шәмші:

– Ұялса ана жігіт ұялсын. Ол тіріні өлтірді, ал мен өліні тірілттім! – депті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: