Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өмір ішіңе үнемі үңіліп тұрады

24.07.2023, 13:05 220

HALYQLINE.KZ

– Егер ойыңда қорқыныш болса, өмірің сені қорқыта береді.

– Егер ойыңда агрессия болса, өмірің өзіңе «шабуыл жасайды».

– Егер іштей күрескің келсе, қарсылас әрқашан табылады.

– Егер кінәлі болсаң, өмірің сені «жазалаудың» жолын табады.

– Егер ішіңде реніштер бола берсе, өмірің саған реніш-қайғыны қосатын себепті тауып бере береді.

Өз ойыңдағы нәрсені көре білу саған оны өзгертуге мүмкіндік береді.

Жүрегіңді тізгіндей біл!

Жауырыныңнан алақанмен ұрып қалса, кім екенін білмей бұрылып қарайсың. Егер досың болса, қуанасың. Ал ұнатпайтын адамың болса, ашуланып, ренжисің. Екеуі де бірдей соққы болғанымен, сенің көзқарасыңа қарай қуаныш-күлкі, немесе ашу-ыза болып ауысады. Демек, барлық кілтипан – жүректе. Оны тізгіндей біл!

Ризашылық білдіретін нәрсе әрқашан, әрқашан, әрқашан бар, бар бола береді. Өміріңнің бірде-бір күніне өкінбе…

Ұша біл, самға! Өзіңді жеңе біл!

Ешкімге ұқсаудың қажеті жоқ! Ешкім де әуелден күшті әрі мықты болған емес! Сен ол – сенсің! Сен біреу ғанасың!

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: