Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өмір деген қас-қағым сәт

22.09.2024, 10:40 185

Үйге теледидар келгенде, кітап оқуды ұмытып қалдым. Табалдырығыма көлік кеп тоқтағанда, жаяу жүруді ұмыттым. Қолыма ұялы телефонды алғанда, хат жазу ұмытылды. Үйге компьютер келгенде, мен уақытты бағалауды доғардым. Үйіме кондиционер алғанда, самал іздеп ағаштың саясында отыруды қойдым. Тас қалаға көшкенімде, батпақтың, көк шалғынның иісін ұмыттым. Банк пен картаға тәуелді болғалы бері ақшаның құнын ұмыттым. Әтірдің иісіне байланғалы гүлдің жұпарын ұмыттым. Фаст-фуд жегелі үйдің тамағының дәмін ұмыттым. Үнемі жүгіре беріп, тоқтап тыныстауды ұмыттым. WhatsApp пайда болғалы бері сөйлесу мен әңгіме айтуды ұмыттым.

Біз өлгенде ақшамыз банкте қалады. Алайда біз – тіріміз, жұмсай қояйын десе, ақша аз. Шын мәнінде біз жоқ болған кезде жұмсалмаған көп ақша қалады.

Бірде Қытайда бір магнат кәсіпкер қайтыс болыпты. Оның жесірі банктегі $1,9 млрд ақшаға ие боп қалыпты. Жесірі күйеуінің көлік жүргізушісіне тұрмысқа шығады. Сол көлік жүргізуші айтыпты: «Мен өмір бақи бастығыма жұмыс істедім деп ойлаушы ем. Сөйтсем бастығым мен үшін жұмыс істеген екен ғой» деп.

Өмір шындығы: бай болғанша, шын мәнінде осы сәтпен өмір сүрген маңыздырақ. Сондықтан, денің сау болуын қадағала. Кім кімге жұмыс істейтіні маңызды емес.

Соңғы үлгідегі ұялы телефонның 70% функциясы қажетсіз. Қымбат көліктегі жылдамдық пен сәндік дүниелердің 70% қажетсіз. Егер үлкен виллаң болса, соның 70% жерін ешкім қолданбайды. Ал, гардероб ше? 70% киімді кимеген де шығарсың. Өмір бойы жұмыс пен жалақының арасында жүгірдің… Соның 70%-ы өзге адамдарға арналған. Сол себепті өзімізге тиесілі 30% өмірді лайықты қорғап, қолданайық. Емханаға барып, еш жерің ауырмаса да сараптама жасат. Шөлдемесең де, суды көбірек іш. Басыңа күн туып, әділетсіздікке ұшырасаң да, сол қияметті босатып үйрен. Сенікі дұрыс боп тұрса да, үндемеуді үйрен. Бай болсаң не күш-қуатың тасып тұрса да, қарапайым болуға тырыс. Бай болмасаң да, разылық танытуды үйрен. Қолың тимей жатса да, санаң мен тәніңді жаттықтыр. Жүректен орын алған адамдарға көңіл бөліп үйрен.


Аударған
Шынар ӘБІЛДА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: