Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Неге екі ит ұстайсыз?

06.03.2021, 10:00 1058

HALYQLINE.KZ

Бір қарт кісі үйінде екі ит ұстайды екен. Біреуінің түсі ақ, екіншісінің түсі қара. Немересі бір күні атасынан осының мəнісін білмек болып: «Ата, осы неге екі ит ұстайсыз? Қашан көрсең екеуі таласып, ырылдасады да жатады, бір үйге біреуі де жетпей ме?» – деп сұрапты. Сонда ақылман қарт: «Балам, олар өмірдегі ақ пен қараның таласын, тіпті адам жүрегіндегі күн сайынғы жақсылық пен жамандықтың, игілік пен зұлымдықтың, ар-ұждан мен нəпсінің өзара айқасын есіме салып тұрады, сол үшін де оларды көз алдымда ұстауды жөн көремін», – депті. Немересі тіптен таңырқап: «Ата, өзіңіз айтқан күн сайын адам жүрегінде таласқа түсетін қасиеттердің қайсысы жеңіп отырады сонда?» – деп қайта сұрағанда, қарт жымиып: «Мен ақылға салып қайсысына көбірек жақтассам, сол жеңеді», – деп жауап берген екен.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: