Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Менде не жоқ?» (ой салатын оқиға)

06.12.2020, 10:00 684

HALYQLINE.KZ

Бір кісі психологке келіп, өзінің көп нәрсеге мұқтаждығын, жағдайының төмен екенін айтып шағымданады:

❌ «Қиналған кезде қол ұшын созар нағыз досым – жоқ;

❌ Жоғары айлығым – жоқ;

❌ Қымбат көлігім – жоқ;

❌ Баспанам – жоқ;

❌ Әдемі киімдерім – жоқ;

❌ Бұрынғыдай қайрат-жігерім – жоқ;

❌ Осылардың барлығы бір күні болады-ау деген үмітім – ол да жоқ!».

Сонда психолог сәл ғана езу тартып, жымияды да әлгі жігітке былай дейді:

«Иә, шынымен де, сізде көп нәрсе жоқ екен. Бұл тізімді дәл бұлай бітіре салғаныңыз дұрыс болмады. «Жоқ» нәрселер сізде көп еді ғой!

Мысалы,

✔ Бойыңызда емі жоқ жаман ауруыңыз – жоқ;

✔ Басыңызда қарызыңыз – жоқ;

✔ Ауру ата-анаңыз – жоқ;

✔ Мүгедектік туралы анықтамаңыз – жоқ;

✔ Елге жаманатты қылып, жерге қаратқан қылмыскер балаңыз – жоқ!

Сізде көп нәрсе жоқ қой! Егер жоқтарыңызды санар болсаңыз, қайғырғаннан емес, риза болғаннан бөркіңізді аспанға атып қуанар едіңіз. Сондықтан қайғырудың да жөні жоқ!

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: