Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мен сүйетін бір адам (Аудио)

16.06.2022, 9:20 4464

Толқын  Қабылша

Сәттерімде көктен сауға сұраған,

Сәттерімде жұбана алмай жылаған,

Сақтау үшін ойдан, мұңнан, күнәдан.

Бейуақытта маған ессіз ұнаған,

Сен аман бол,

Мен сүйетін бір адам!

Ғаламымнан мұңға жұмбақ көрінген

Аспанымнан кермиық боп керілген,

Жазмышымнан маған сый боп берілген

Жақсы атыңды күбірлейін еріннен,

Сен аман бол, мен сүйетін бір адам!

Ғажайып та, ғазал да емес, мұң да емес,

Ғайып та емес, ғарыш та емес, жыр да емес.

Жан біткеннен жасыратын сыр да емес.

Адалдықтың жаршысы боп жердегі,

Аман жүрші, әлдилеп мұң-кеудені.

Мені ешқашан сағынбайтын бір адам!

Өлеңнің аудионұсқасын тыңдаңыз.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: