Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мен өмірді қалаймын!»

14.11.2025, 0:10 215

Естімейік жастардың азалы үнін,
Үлкендердің сіңірем тазалығын.
Есірткіге жаны қас жан көбейсін!
Есіл өмір, сол үшін бағалысың!

Жазғымыз да келмейді жаман жайды,
Бұл да бір төнген қауіп заманға әйгі.
Есірткіге еліткен жасты көріп,
Көпшілік қоғамды кеп жамандайды.

Жаңа дәуір. Жетілді барлық сала,
Айырмасы азайып ауыл-қала.
Тұзаққа тұла боймен түсіп қалса,
Жанымыз да барады ауырлана.

Жанымыз да барады жараланып,
Қайтпекпіз құмарға еріп, дараланып?!
«Жоқ!» деп үйрен, досым-ау лас істерге,
Ол бізді жамандыққа барады алып.

Берілсе жақсы сөзбен бағаң бүгін,
Байқалар бет-әлпеттен адалдығың,
Ес білмей, есірткіге ентелесең,
Жойылар бойыңдағы адамдығың!

Ақылға сал, айтады ми шешімді.
Ой қозғар, ол аз болса үй кесімді.
Ең бастысы, өзіңді жарға итерме,
Есірткіге ерме еш, жи есіңді!

Іңкәр МЫРЗАХАН,

№141 Қ.Сәбиров атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: