Қазақстанның өнер қайраткері, ҚР мәдениет саласының үздігі, белгілі ақын, үлкен жүректі ұстаз Серік Махмұтұлының мезгілсіз дүние салуына байланысты Сыр жұртшылығының, жеке Өзімнің атымнан қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын.
Бүгін қазақ елі үшін орны толмас қайғылы қаза қаралы күн.
Абыз ағамыз саналы ғұмырында ұлт мәдениеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосып, халықтың зор құрметіне ие болды.
Серік Махмұтұлы ұзақ жылдар бойы айтыс аламанында бақ сынап, ел үшін маңызды мәселелерді көтерді. Көптеген шәкірт тәрбиелеп, өнер жолына қосты.
Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында адал қызмет еткен Серік Махмұтұлының өнегелі ғұмыры, шығармашылығы халқымыздың жадында ұзақ сақталады.
Жақын адамынан айырылу ешкімге де оңай емес. Артында қалған отбасына, ағайын-туыстарына Алла сабыр берсін.
Ардақты ағамыздың жаны жәннатта, топырағы торқа, иманы жолдасы болғай!
Қызылорда облысының әкімі Н.НӘЛІБАЕВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!