Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Руслан Желдібайдың Telegram-дағы арнасында жазуынша, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген.
Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленген. Атаулы күнге орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтаған.
«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», — делінген құттықтауда.
Фото: ашық дереккөзден
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!