Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап – адамның ақыл-ойының жемісі

14.02.2025, 15:10 127

HALYQLINE.KZ

Бүгін – халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мерекенің мақсаты – барлық адамзатты кітап оқуға шақыру. Атаулы күннің қағидасы бойынша досыңызға немесе жақын туысыңызға қызығып жүрген оқулығын сыйлай аласыз. Бүгінде бұл мереке дәстүрлі іс-шараға айналып келеді. Қаламызда кітап оқып, парасат пайымын арттырып, зейінімді ашамын деген жандардың рухани ортасы бар. Облыс кітапханаларына соңғы жылдары авторлардан 2270 кітап сыйға тартылған. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Нұрлыбек Мыңжас, «Кітап құрттары» клубының мүшелері Нұрболат Олегұлы мен Ізбасар Әмір келіп, мерекенің маңызын сөз етті.

– Кітап деген – адамның ақыл-ойының жемісі. Әрине кітапқұмарлар бар, сақтайтындар бар, фанаттар бар. Ол түсінікті. Бірақ халыққа көптеп жеткізу керек. Мысалы, жапондарды мықты халық деп қабылдаймыз ғой. Ал жапонның бір оқушысы жылына 70 кітап оқуға міндеттелген. Әбділдә Тәжібаев атындағы кітапханамызда да акциялар жиі өтіп тұрады. Біз насихаттай беруіміз керек. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруымыз керек,- деді Нұрлыбек Кәрібозұлы.

– Ең алдымен кітап сыйлау күнімен сіздерді құттықтаймын. «Кітап құрттары» клубы туралы айтатын болсам. Біз 2019 жылы 10 адамнан бастап ашылдық. 6 жыл ішінде клуб мүшелерінің де қатары артты. Біздің де мақсатымыз кітапты насихаттау ғой. Қазірде QYZYLORDA арнасында екі жобамыз бар. 10-11-сыныптарға арналған интеллектуалды «Ziyatker» сайысы және қалада кітап оқуға ынталы жандармен сұхбатқа құрылған «Велософия» хабары. Осындай жұмыстардың басында жүрміз, – деді Нұрболат Олегұлы.

– Қазіргі таңда өздеріңіз білесіздер, бизнеске бағытталған кітаптардың жарнамасы жоғары болғандықтан, көркем әдебиеттің жанында жоғары қолданысқа еніп кетеді. Дегенмен, көркем әдебиетті оқыған адам оның пайдасын анық біледі. Өзіңмен бір қызығушылықтағы жастармен жолыққанда, олармен бірге даму жолына түсесің. Менің кітаптан тапқан пайдам осы, – деді Ізбасар Төлеубекұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: