Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған «Адал Азамат» жобасы аясында «Қазақстан – татулық пен келісім мекені» атты этнос жастары арасында эссе байқауы өтті.
Іс-шараны Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Азамат Мукеев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Болашақ жоғары колледжі, Орда колледжі, Абылайхан атындағы жоғары колледжі және М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінен 20 этнос студенті қатысты.
Байқауға қазылық жасаған Тілдер орталығының оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Гүлбану Ғарифуллақызы, оқытушы Индира Қазыкерейқызы және С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гаухар Абдимажитқызы байқаудың әділ өтуіне үлкен үлес қосты.
Байқау қорытындысы 1 наурыз – Алғыс айту күнінде жарияланып, жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Татулық пен келісімнің символы болып табылатын бұл іс-шара жастардың бірлігі мен ортақ құндылықтарға деген құрметін арттырып, еліміздің болашағына деген сенімді нығайтуға үлкен үлес қоспақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!