Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сұхбатында елдегі дін мәселесін қозғады. Министрдің сөзінше, дін хайптың құралына айналмау керек.
«Қазақта «дүмше молда дін бұзар» деп бекер айтпаған. Дін – өте нәзік мәселе. Мұны арнайы білімі бар азаматтар қозғауы керек. Қоғам өміріне пайдалы ақпаратты мүфтият сайтынан және солар шығарған ақпарат көздерінен алуға болады. Жуырда суицид, электронды темекі және құмар ойыны туралы пәтуә шығарды. Бірақ олар бірде елге жетеді, бірде жетпейді.
Біздің жұлдыздарымыз, елге белгілі азаматтар дін мәселесінің тартымды тақырып екенін көріп, хайпқа айналдырғысы келетін шығар. Бірақ бұл қауіпті. Тіпті кейде есімдері елге белгілі, филология мен философияны білетін азамттар да өзге, жат ағымдарды насихаттап жатқанын көріп, қарнымыз ашады», – дейді министр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!