Халқы жас жігітті таққа отырғызыпты. Ел үшін бар күшін салған жігіт бір күні әйелінен:
– Саған ханша болған ұнайды ма? – деп сұрапты.
– Сен дәл осы сұрақты қойғанша ұнаған еді. Мен сенің тақты босататын күнің жеткенін білдім, – депті әйелі.
Хан таңданып:
– Қалайша? – депті.
Сонда әйелі:
– Билікте ұзақ отырсаң, тақ үшін күресуді қоясың. Бақталасың жоқ. Өз еліңді толассыз бағындырған соң, арасынан сенімен тіркесіп, қаныңды ойнататын адам таппайсың. Сондайда қаныңды қоздыру үшін өзге елге соғыс ашасың. Саған тақтың ұнайтыны соншалық, кеткің келмегені ештеңе емес, өлгің келмей қалады. Ондайда сен қазынаның қаржысын өлместің дәрісін жасауға ысырап етесің. Айналаңды көріпкелдер мен дуахандарға толтырасың. Әрі қарай сен мұқтаж халқыңды емес, алтыныңа мұқтаж көріпкелдердің болжамымен өмір сүресің. Өзің ойлануды қойған кезде, өміріңді күл етесің. Ал, мен сенің бұл өмірде тек билеуші емес, жақсы жар, жақсы әке, жақсы адам болып та өмір сүргеніңді қалаймын, – деген екен.
Әлеуметтік желіден алынды.
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!