Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиеті және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді.
Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына өз үлесін қосқан.
Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдауси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалары), сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары және солар арқылы жалпы Еуропа әдебиеті әсер етті. Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің, Гете мен Байронның шығармаларын аударған.
Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.
Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ардағы десек артық айтқандық болмас. Әлем халқы мойындаған дара тұлғаны қай жағынан әспеттесек те, біздің елдік, ұлттық парызымызды орындағанымыз деп білеміз! Мереке құтты болсын
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!