Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерлан Жүніс: «Кітап жеуге жарамайды, әйтпесе, оқырман көбейер еді»

12.09.2020, 14:00 971

HALYQLINE.KZ Ақын Ерлан Жүністің оймақтай ойлары қалың көпшіліктен өз бағасын әлдеқашан алып үлгерді. Біз бүгін ақын шығармашылығына орын бергенді жөн санадық. Оймақтай ойлардан ой түйіңіз, оқырман!

Кітап жеуге жарамайды, әйтпесе, оқырман көбейер еді.

* * *

Кей оқырман авторды сүйетіні сонша, оны өліп қалған екен деп ойлайды.

* * *

Кей оқырманды Нобельге ұсыну керек.

* * *

Авторға ғашық болу – азап, оқырманға ғашық болу – тіптен сорақы!

* * *

Біреулер өз тарихын жүрегімен жазады, біреулер жұдырығымен…

Қалғандары өзгелерге жаздыртады.

* * *

Кітапты жыртқанда шығатын дауыс – автордың дауысы.

* * *

Оқырманның автордан артықшылығы: ол авторды балағаттай алады.

* * *

Түнде кітапты жастанып ұйықтайтындардың бәрі авторды құшақтай бермейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: