Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дін – халықтың рухани негізі

07.02.2025, 18:25 134

HALYQLINE.KZ

Дінсіз қоғамды елестету мүмкін емес. Ол – халық мәдениетінің рухани негізі. Оның қоғамда алатын орны қашанда ерекше. 2024 жылы діни бірлестік басшыларының клубымен жыл көлемінде 8 іс-шара ұйымдастырылған. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – аймақта конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков хабарлады.

– Басқарманың маңызды бағыттарының бірі – ол жалпы профилактика. Бұл бағыт бойынша ақпараттық түсіндіру тобымен қарқынды жұмыс істелді. Түрлі мақсатты топтармен 12 736 іс-шара өткізіліп, оған 169 562 адам қамтылды. Іс-шаралардың мақсатты тобына түрмеде жазасын өтеушілер, пробациялық есептегі тұлғалар, мешіт жамағаты, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жастар, Neet санатындағы жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала, құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіреді. Сонымен қатар, интернеттегі қарсы насихаттық іс-шаралар қатаң бақылауға алынған. Басқарманың және басқарма жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының парақшаларында 10 281 қарсы насихаттық материал жарияланды. Сондай-ақ, интернет пен әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг нәтижесімен «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне енгізілген күмәнді 1 729 сілтеменің 650-і бұғаттауға жолданды. Қалғаны бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді Дінмұхамед Жандарбекұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: