Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәстүр дәріптелді, құндылық қайта жаңғырды

16.03.2026, 17:45 55

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал қаласының орталық алаңында Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Шаңырақ күніне, сондай-ақ мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай халқымыздың бай мұрасын дәріптеуге арналған «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты салт-дәстүрлік қойылым-концерт өтті. Бұл туралы Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мерекелік іс-шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері көпшілікке ұсынылды. Ұлттық тағамдар мен кітап көрмесі, сондай-ақ тұсау кесу, сырға салу сынды дәстүрлер қайта көрініс тапты. Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған кеште өнерпаздар ән шырқап, күмбірлеген күйлер орындалып, ұлттық нақыштағы билер қойылды.

Сонымен қатар, көрермендерге халқымыздың отбасы бірлігі мен ынтымағын білдіретін дәстүрлер көрсетіліп, ұлттық мәдениетіміздің тәрбиелік мәні кеңінен насихатталды.

Көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен бұл мәдени кеш түс ауа «Ұлт мұрасы – ұрпаққа аманат» ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге арналған спорттық сайыстар, ұлттық ойындарға ұласты.

Айта кетейік, кешкілік Арал аудандық мәдениет үйі және Арал аудандық мәдениет орталығы мен қалалық мәдениет үйі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: