Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бізде сыйлық шығармаға емес, авторға беріледі

18.06.2020, 9:05 609

…Өз басым ештеңеге сенбеймін. Әрине, бір жақсылықтың боларына, әділеттілікпен шешілетініне сенгім-ақ келеді. Бізде сыйлық шығармаға емес, авторға беріледі. Ең жаманы осы. Кім биліктің тілін табады, кім жоғары жаққа адам салады. Сол алады. Масқара емес пе?! Жәркен Бөдеш, Тынымбай Нұрмағамбетов, Серік Ақсұңқарұлы, Несіпбек Дәуітайұлы, Смағұл Елубай, Исрайл Сапарбай сынды қазақ әдебиетінің көзі тірі классиктері ала алған жоқ. Есесіне кейбір тақпақ жазатын халтурщиктер алып кетті. Масқараның көкесі сол. Осыған таң қаламын. Халықтың көзін бақырайтып қойып, осындай белден басуларға қалай барады екен?! Түсіне алмаймын. Түсінгім де келмейді. Биылдан бастап бір жаңалық болады дегенге шынымен сенгім-ақ келеді. …

Думан РАМАЗАН,

жазушы-драматург

«Жас Алаш» газетіне берген сұхбатынан (№46, 11.06.2020 ж)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: