Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқау жеңімпаздары анықталды

26.06.2024, 9:30 206

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті журналистер арасында өткен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жұмыстарын жандандыру, мемлекеттік тілдің өзекті мәселелеріне арналған мақалалар, бағдарламалар арқылы отандастарымыздың танымын кеңейту.

Басқарма басшысының орынбасары А.Қамбаров кіріспе сөз сөйлеп, журналистерді алда келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Байқауға қатысушылардың материалдарын Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, сарапшы журналист Қ.Есімсейітова бастаған қазылар алқасы сараптаудан өткізді.

Сараптау алқасының төрағасы Қаршыға Құрмашқызы мемлекеттік тіл тақырыбына жазылған мақалалардың деңгейі туралы өз пікірін ортаға салды.

Байқау қорытындысымен І орынға «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, жас ақын Ақтөре Ибрагимұлы, ІІ орынға Арал ауданының құрметті журналисі Жаңабай Кемал, ІІІ орынға «Жалағаш жаршысы» газеті бас редакторының орынбасары Жандос Жазкен лайықты болып табылды. Ал, ынталандыру сыйлығына «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Гүлай Әшекова, Арал аудандық «Толқын» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Оңталап Жолдасов, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Мақпал Патенова ие болды.

Байқау жүлдегерлері басқарма басшысының Алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: