Жолда өзiнен үш есе үлкен тезектi домалатқан көң қоңызын әлдене басып кетiптi. Шымалдар соған жабылып жатыр.
Шымал – құмырсқаның ергежейлiлерi. Мыңы жиналып, қоңыздың үлкендiгiне жетпейдi. Бiрақ мыңы жиналып, әлгi өлiктi жылжытып барады. Қайда апарады? Әлде азық қыла ма? Әлде арулап, көмгiсi келе ме?
Сiрә, азық шығар. Қу тамақ. Ал әлгi қоңыздың өзi де қу құлқынның құрбаны болған.
Дүниенiң кепиетiне қарап тұрсаң, тiршiлiктiң бәрi осындай.
Көпшiлiк азшылықты аямайды. Тiптi, жеңiмпаз Құбылайдың өзiн қытайлар кезiнде лек-лек түмен әскерiмен түп-түгел жұтып жiбердi. Жеңiмпаздардың өзi қытайланып кеттi.
Сонда ақырғы жеңiмпаз кiм?
Бұл қай сипатты дүние?
Шерхан МҰРТАЗА, «Бір кем дүние».
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!