Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылдастарына 50 дана «Халық» газетін жаздырып берді

25.08.2022, 11:40 389

Дүниеде қазақ халқындай туған жерін пір тұтатын, қадірлейтін, сағынатын, сырт­та жүрсе де туған топырағын аңсап тұратын халық жоқ шығар. Ол – ұлттық санамыз­дағы аса қастерлі ұғым. Елжандылықтың тамыры – өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Осыдан бірер жыл бұрын қабылданған «Туған жер» бағдарламасы  осыған  үндейді.

Әрине, туған жерінің өркендеуіне ісімен де, сөзімен де үлес қосып жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – кинотанушы, өнертану PhD докторы, «Тұран» университетінің профессоры Гүлзат Көбек. Жалағаш ауданының тумасы – «Халық» газетінің тұрақты әрі белсенді авторы. Өнер, руханият жанашыры кеше ғана ізгілікті іске ұйытқы болды. Қаржылай демеушілік жасап, өзінің туған жері Жалағаш ауданының Аққұм ауылындағы өзі түлеп ұшқан  мектебіндегі  ұстаздары мен тұрмысы төмен отбасыларға, жалпы 50  дана  «Халық»  газетін  жаздырып  берді.

Өзі Сыр елінен жырақта жүрсе де, жүрегі туған жер деп соғатын, қолдан келсе бір кісіні қуантқысы келіп тұратын Гүлзат секілді жерлес­терімізден  айналдық,  аман  болайық, абыройлы  болайық  дейміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: