Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақырын жүріп, анық бас…

30.01.2025, 9:15 78

Бұл – ұлы ақын хакім Абайдың сөзі. Ғұлама ойшыл бабаның осы бір ауыз сөзі біраз дүниеден хабар беріп тұрғандай. Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың бізге жеткен уағыздарының бірі – сабыр сақтау. Осындайда «Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді» деген даналық сөз санаға сәуле себеді.

«Асыққан шайтанның ісі» деп аталарымыз бізді бала кезімізден байыпты болуға баулыған. Алайда бүгінде бұл мақалды елеп – ескеріп жатқан ешбір жан жоқ. Мысалды алыстан алмай-ақ, мәселен өзімізден бастайын. Бас-аяғы жоқ уақытпен санасып сабылысып, асығып жүрген жүрісіміз сол. Қайда барсақ та тез барып, тез қайтқымыз келіп тұрады. Үйден жұмысқа, жұмыстан үйге жетуге жанталасып тұратынымыз неден екен осы. Қайран қаламын?

Дәріханада немесе дүкенде кезекте тұрсақ та тыпыршып, табандылық танытпаймыз. Бір секунттың қадірін пойыздан қалған адамнан сұра демейді ме. Уақыттан асқан жүйріктің жоқтығын білгендіктен болар, өзімізді ұстамды ұстай алмаймыз. Дегенмен жасайтын жұмысымызды жоспарлап, жақсылыққа жорамалдағанның еш сөгеттігі болмас. Өйткені, «Өлімнен басқаның бәрі, ерте болғаны жақсы» деген аталар сөзінің астарында аласармас ақиқат жатыр.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: