1. Ұлым, сұлу әйелге сүйсінем деп жанарыңды жоғары көтерме, өзіңдікі емес сұлуға сұқтана қарау жараспайды. Көп адамды әйелдің сұлулығы құртқан, өйткені сұлудың махаббаты күл қылып күйдіріп жіберетін жалын іспетті.
2. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың, ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың.
3. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары мен әйелі солай көркейтеді. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді. Ол жол айрығына өскен ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр қабығын бір тістеп өтеді.
4. Ұлым, тәтті тілмен сөйле, аузыңнан шыққан сөзің жылы болсын. Ит құйрығын бұлаңдатса, тамақ жейтінін, абалап үрсе, таяқ жейтінін есіңе сақта.
5. Ұлым, кейін кеудемді бассын демесең, жақыныңа аяғыңды бастырма.
6. Ұлым, алыстағы бауырыңнан қасыңдағы досың жақсы. Ажарлы болғаныңнан жақсы атыңның шыққаны артық. Өйткені, жақсы атың мәңгі қалады, ажарың таяды, жоғалады.
7. Ұлым, достарың өзіңнен безіп кетпесін десең, әкеңнің достарынан өзің де алыстап кетпе.
8. Ұлым, адамдар өз-өзімен таласып жатқан жерге жолама. Өйткені, талас көп жағдайда кісі өліміне себеп болады.
9. Ұлым, өзіңнен үлкен кісіні көргенде, құрмет қылып орныңнан түрегел.
10. Ұлым, егер сен: «Қайтсем ақылды болам?» деп жүрегіңмен қиналсаң, мынаны біл, аузыңнан жалған сөз шықпайтын болсын, қолыңды ұрлықтан тый, сонда ақыл кіреді.
Әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!