* Ақылды әйел күйеуінің артықшылығын тамашалай біледі, сол үшін күні бойы көңілді жүреді.
* Ақылды әйел сырт көзге сыр білдірмей, күйеуінің қас-қабағына қарап, салмақты жүреді.
* Ақылды әйел күйеуінің шашбауын көтере біледі. «Күйеуімді мақтағаным өзімнің бағымды жоғарылатқаным ғой» деп есептеп, сезінеді.
* Ақылды әйел жұбайымен бірлікте, болашақ туралы әсерлі, жарқын жоспарлар жасайды.
* Ақылды әйел күйеуінің қателіктерін кешіре біледі,
* Ақылды әйел үміті мен арманын күйеуінен күтеді.
* Ақылды әйел күйеуіне қалыпты кеңістік береді және оған ұзын арқан, кең тұсау сала да біледі.
* Ақылды әйел үй шаруасын тыңғылықты тындыра жүріп, өзін де әспеттеп, күйеуіне сыйлата біледі.
* Ақылды әйел күйеуін жарқын, сүйкімді күлкісімен-ақ үлкен жетістіктерге жетелейді.
* Ақылды әйел күйеуіне шабыт пен жігер береді.
Қыз-келіншек, әйел-аналар туралы мақал-мәтелдер
Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі.
***
Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу.
***
Сұқтанба қапыда «сұлу» деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
***
Сүйіктің болмаса, дүние суық.
***
Жақсы үйге түскен келін – келін болады,
Жаман үйге түскен келін – келсап болады.
***
Келіні жақсының – керегесі алтын.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Қарындасың – қарлығашың.
***
Апасының киген тонын, сіңлісі де киеді.
***
Қызды кім сүймейді, қымызды кім ішпейді.
***
Екі әйел алғанның – дауы үйінде,
Жаман әйел алғанның – жауы үйінде.
***
Баланы – жастан, әйелді – бастан.
***
Ер – бас, әйел – мойын.
***
Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс.
***
Отырған қыз орнын табады.
***
Абысын тату болса – ас көп,
Ағайын тату болса – ат көп.
***
Ата даңқымен қыз өтер, мата даңқымен бөз өтер.
***
Анасын көріп, қызын ал, ыдысын көріп, асын іш.
***
Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
Жинақтаған Айбол Әбдімәжитұлы,
жоғарғы білімді ұстаз
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!