Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақмая ауылында Ұлыстың ұлы күні тойланды

21.03.2026, 21:30 35

HALYQLINE.KZ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Ақмая ауылдық округінде кең көлемде аталып өтті, деп жазады Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Әз-Наурыз тек табиғаттың жаңаруымен ғана емес, халқымыздың бірлігі мен татулығын, ізгілік пен берекесін айшықтайтын рухани құндылықтарға толы мереке болып саналады.

Мерекелік іс-шара барысында ауыл тұрғындары ұлттық киім киіп, ақ дастарқан жайып, қонақжайлық дәстүрді паш етті. Ауыл өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, жыр мен термеден өрнек өрді. Ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, қазақы болмыс пен мәдениет кеңінен насихатталды.

Іс-шараға Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков қатысып, ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Аудан басшысы ел бірлігі мен ынтымағының маңыздылығына тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Сонымен қатар, «Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – Ынтымақ күніне орай мерекелік мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мерекелік көңіл күйге бөленді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық ойындар, ән-күй кештері және көрмелер халыққа мерекенің шынайы рухын сездіруге мүмкіндік берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: