Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Анаға тағзым» орталығы жақында ашылады

01.09.2023, 9:00 562

HALYQLINE.KZ

2022 жылы қараша айында Қызылорда қаласында ұлттық бояуы заманауи үлгімен үйлескен мәдени-әлеуметтік нысан – «Анаға тағзым» орталығының құрылысы басталды. Адамзат баласы тіршіліктің түп қазығы анаға әрдайым қарыздар. Сондықтан жарық дүние сыйлаған жанға тағзым етеді, құрмет көрсетеді. Жаңа орталықтың жұмысы да Ұлы даланың ұлы аналарының киелі жолын дәріптеуді мақсат тұтпақ. Басты бағыты – жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру, отбасылық құндылықтарды ұғындыру, бүгінгі қазақ әйелінің рухани келбетін қалыптастыру.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің жазуынша, жоба «Парасат» орденінің иегері, кәсіпкер-меценат Марат Дүйсенбаевтың қаржылай қолдауымен іске асты. Алыстан көз тартатын көркем ғимаратты салуға 1,5 млрд теңге жұмсалды. Нысан биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: