Жаңа кітапхана өңірдің ең ірі мәдени-білім орталығына айналады. Ерекшелігі, кейбір негізгі аймақтар тәулік бойы оқырманға қолжетімді болады. Мұнда 100 орындық заманауи амфитеатрлы, Hi-Tech құралдарымен жабдықталған ашық форматтағы оқу залы, 50 жұмыс орны бар электрондық зал, медиалаборатория және цифрлық контентпен, жасанды интеллект пен заманауи бағдарламалармен жұмыс істеуге арналған подкаст-студиялар қарастырылған.
Ғимараттың жалпы ауданы шамамен 13 000 шаршы метрді құрайды. Кітапхана көпдеңгейлі функционалдық аймақтарға бөлінген. Мысалы, жертөле қабатында архивтер мен сирек кездесетін қорлар, негізгі кітап қоры, реставрация мен типография бөлімдері, әдебиетті қабылдау және тарату аймақтары орналастырылады. Ал бірінші қабатта букшоп пен кофехана, балалар кітапханасы мен ойын аймағы, коворкинг, 200 орындық конференц-зал және фудкорт қарастырылған.
Екінші қабатта өлкетану және мерзімді басылымдар залдары, әмбебап оқу залы, анықтамалық-библиографиялық бөлім және көрме галереясы орналасады. Үшінші қабат шығармашылыққа және заманауи форматтарға арналмақ. Мұнда келушілерге арт-студиялар мен шеберханалар, медиалаборатория, өнер залы мен сирек кітаптар залы, әлем әдебиеті бөлімі, электрондық кітапхана және ашық оқу аймақтары қызмет көрсетеді.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!