Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айыптымыз деп білем…

10.08.2020, 9:00 523

HALYQLINE.KZ

Мектеп қабырғасында жүргенде «Абай жолын» оқыған едім. Балаң көңілімнің түкпірінде аға сұлтан Құнанбай мен билерге деген өкпе-реніш берік сақталып қалған болатын. Кеңес өкіметі тұсында жазылған кітаптардың басым бөлігіне саясат салқынын салғанын шалғай ауылдың қарапайым тірлік кешкен аңғал бозбаласы қайдан білсін?!

Шәкірт кезім есімде,

«Абай жолын» оқыдым.

Бүгіп қалам несіне,

Іштей қатты толқыдым.

«Қатал дедім Құнанбай,

Абыз ақын әкесі.

Қодар шалға ұялмай,

Үкім кесті о, несі?!

Гүлдей нәзік Қамқаның,

Жас ғұмыры қиылды.

Елемеген жан-жағын,

Сұлтан өлім бұйырды.

Болыс болған Абайды,

Араз надан сабайды.

Қорғап жүрмей жақсыны,

Елі қайда қарайды?!

Мұңын тыңдап кедейдің,

Ақ-қараны айырған.

Ақын осал демеймін,

Әке пәтін қайырған»,

Өтті жылдар қатайдым,

Қырау түсті самайға.

Шын бейнесін Абайдың,

Енді ұқтым алайда.

Қажы екен Құнанбай,

Сапар шеккен Меккеге.

Әр сөйлемін ұрандай,

Қабылдаса шет көрме.

Абай туған қараңыз,

Дәл осындай тектіден.

Кеш берілсе бағаңыз,

Айыптымыз деп білем…

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: