Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әл-Фараби деген екен…

16.05.2021, 12:00 650


HALYQLINE.KZ Бір күні әлде кім Әбу Насыр әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой!» – деп жауап берген екен.

* * *

Тарихшы Мұхаммед Хусайни еңбегінде Фараби өміріне қатысты мынадай бір қызық жайды баяндайды. Әл-Фараби бірде Дамаскідегі (Сирия) шығыс базарын аралап келе жатып, терлеп-тепшіп етік тазалап отырған балаға көзі түседі. – Балақай, осынша қиналып, маңдай теріңді төккенде күніне қанша дихрам (ақша) табасың? – дейді Фараби. Сонда бала: – Екі-ақ дихрам, – дейді мұңайып. Ұлы ғалым баланы аяп кетелді де, өзіне күн сайын Сайф ад-Даула жіберіп тұратын төрт дихрамды береді. Кейінірек сол бала Фарабидің ең жақсы шәкірттерінің бірі болған екен.

* * *

Әл-Фараби Бағдатқа келгенде оған Халифа Мұқтадид ибн-Муаффак әл-Биллах (892-902) былай деп сұрақ қояды: – Осы сені оқудың түбіне жетіпті деп естідім, сонда сен көп білесің бе, әлде Аристотель көп біле ме? Сонда әл-Фараби: − Егер, мен оның заманында өмір сүрген болсам, шүбәсіз оның үздік шәкірттерінің бірі болған болар едім, – деп жауап берген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: