Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ашық есік күні өтті

23.05.2025, 10:30 289

HALYQLINE.KZ

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде онкүндік аясында «Анаға тағзым» орталығында ашық есік күні өтті, деп жазады Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімі.

Балаларға қамқорлық – әрбір азаматтың ортақ міндеті, адамгершілік борышы.

Ашық есік күні келген қонақтарға клуб-студияларда психологиялық тренинг, дебат ойындары, қолөнер сабағы мен ертегі сағаты, құқықтық кеңес, зияткерлік сайыс секілді түрлі бағытта секциялық жұмыстар жүргізілді.

Балалардың күлкісі мен ата-аналардың мейірімі жарасқан бұл мерекеде біз отбасының құндылықтарын, ата-анаға деген құрметті дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара барысында отбасылық зияткер сайысы, Қызылорда қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Ахметова Лязат Сундетовна балаларға заңгерлік кеңес, ашық әңгіме, сұхбат жүргізді. Қолөнер сағаты, «Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда!», «Әжем айтқан ертегі» тақырыбы аясында өнеге сағаттары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шарада оқушылар «Ана тілі» дебат орталығында «Бұл палата «Tiger parenting»-ті қолдайды» қарары бойынша тартысты пікірсайыс өткізді.

Әке – отбасының тірегі, ана – жүректегі мейірім мен жылулықтың шуағы.

Осы ұранмен өткен іс-шара отбасылық құндылықтардың мән-маңызын тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: