23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні. Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап шоу – 2023» кітап фестивалі ұйымдастырылды.
Рухани іс-шарада облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Қаршыға Есімсейітова, жастар жанашыры аталып жүрген айтыскер ақын Мамыр Байдәулетов сөз сөйлеп, кітаптың құндылығы туралы ой бөлісті. Жалын Жүсіпов, Шолпан Бимбетова, Зүлфия Баймырзалар ән-жырдан шашу шашты.
Қалдыгүл Досмағамбетова, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі:
- Кітапхана жылына 32000 оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап қоры – 422 391 дана. Оқырмандарға дәстүрлі кітапханалық қызметпен қатар электронды қызмет көрсетеді. «Web-рабис» бағдарламасымен жұмыс істейді. Бірнеше жылдан бері құжаттық мұраларды цифрлау және кітаптарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Қазірге дейін 6849 дана кітап цифрлық форматқа көшірілді.
Кітап оқуды насихаттау мақсатында әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, көрмелер, акциялар және фестивальдер ұйымдастырылады. «Шаңырақ» деп аталатын интеллект-орталық әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жұмыссыздарды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік сауаттылыққа үйретіп келеді.
Тағылымды іс-шарада «Кітап – ой әлемі» көрмесі ұйымдастырылып, келушілер назарына түрлі жанрда 500-ден асатын кітап ұсынылды.
Жасұлан АСҚАРҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!