Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

16 түрлі тұлға – MBTI жайлы білеміз бе?

03.10.2024, 9:20 131

Жалпы, психологияда MBTI деген дүние бар. Оның ішінде адамның 16 түрлі мінез-құлқы, сәйкесінше әрқайсысының жеке кейіпкері бар. Бұл топологияны кей эксперт дұрыс санаса, енді біреулері сенбеуге шақырады. Біз әр MBTI-ді жеке-жеке таныстыруды шештік, өзіңіздің қай топқа кіретініңізді  анықтап көріңіз. Айтпақшы, өзіңіздің қай типке жататыныңызды 16personalities сайты арқылы білсеңіз болады.

Стратег – INTJ

Жалғыздықты ұнататын новатор-перфекционист. Бұл санатқа жататын жандар жалғыз жұмыс істегенді жақсы көреді. Сәйкесінше, командамен жұмыс істеуді суқаны сүймейді. Мысал – «Властелин колец» фильмінің кейіпкері Гендальф.

Ғалым – ENTP

Бұл топқа жататын адамдардың мінезі әрқилы. Олар да стратегтер секілді жалғыздықты жақсы көреді. Бірақ, бұл ғалымдарды командамен жұмыс істей алмайды дегенді білдірмейді. Ғалымдар қатені  тез  аңғарады. Мысал – әйгілі физик  Альберт  Эйнштейн.

Полемист – ENTP

Харизмасы жоғары интеллектуал. Олар көбіне көшбасшылық еткенді ұнатады. Оның логикасы жоғары деңгейде, кез келген дүниеге  объективті  көзқараспен  қарайды, сондай-ақ рационалды ойлайды. Мысал – француз қолбасшысы Напалеон Бонапарт.

Командир – ENTJ

Жоспар құруға бейім командир. Бұл санаттағы адамдар ақылымен аса көзге түспегенімен, қулығының арқасында көшбасшылық етеді. Командирлер кез келген ситуациядан шығуға дайын. Ешқандай мәселе оның шегінуіне жол бермейді. Мысал – Apple негізін қалаушы Стив Джобс.

Активист – INFJ

Активистер шығармашылық салада алдына жан салмайды. Интуициясы, яғни ішкі-түйсігі өте жоғары деңгейде қалыптасқан адамдар. Сондай-ақ, активистер эмпат болып келеді. Әрдайым өзгеге өзіндей көзқараспен қарайды. Мысал – қара нәсілділердің құқығын қорғаушы, оратор Мартин Лютер Кинг.

Делдал – INFP

Қоғамдық моральға бейім, идея мен фантазияға толы адамдар. Бұл санаттағылар конфликті ұнатпайды, жанжалдан үнемі тартыншақтап жүреді. Мысал – «Амели» фильмінің басты кейіпкері Амели Пулен.

Күресші – ENFP

Интуициясы қалыптасқан, экспериментті жаны сүйетін адам. Бұл топқа жататындар логикаға емес, сезімге жүгінеді. Сондай-ақ, әрдайым қоғаммен байланыста болады. Шығармашылыққа еркіндік бергенді жақсы көреді. Мысал – режиссер Квентин Торантино.

Бапкер – ENFJ

Көшбасшы  болып  туған  талант.  Ол команда беруге зәру емес, адамдар оның команда беруіне зәру десек болады. Ол – қол  астындағыларды  шабыттандырудың  шебері. Рационалды  ойлайды, интуициясы  мықты. Мысал – америкалық  журналист  Опра Уинфри.

Админстратор – ISTJ

Өзіне міндеттелген тапсырманы асқан жауапкершілікпен орындайтын жандар. Кез келген дүниені мінсіз орындағанды ұнатады. Ардан аттамайды, еңбек пен қоғамдық жауапкершілікті жақсы көретін жандар – админстраторлар. Мысалы – АҚШ президенті Джордж Вашингтон.

Консул – ESFJ

Ұжымға адал, сөзге шешен адамдар. Команданың  қалауын  өзінікінен  жоғары есептейді. Сонымен  қатар, білмейтін тақырыпта  сөз  қозғап, ой кеңістігін кеңейткенді  ұнатады. Консулдар әрдайым қолдауға дайын және мотивация беруден де  жан  салмайды. Мысал –  «Достар» телесериалының  кейіпкері  Моника  Геллер.

Қорғаушы – ISFJ

Интроверттер арасындағы экстроверт. Этика мен кәсібилікті бірінші орынға қояды. Қорғаушылар – командалық рухты көтеретін менеджерлер. Мысал – британ патшайымы Элизавет II.

Менеджер – ESTJ

Әрқашан консервативті шешім қабылдайтын, жаңашылдыққа ұмтылмайтын адамдар. Олар өз қызметіне адал, методикалық қабілетке ие және еңбекқор болып келеді. Мысал – «Офис» телесериалының кейіпкері Дуайт Шрут.

Виртуоз – ISTP

Тік мінезді, командаға бағынатын, бірақ кейде өз ережесімен жүретін адам. Қысқасын айтқанда, тұрақсыз жан. Кейде мүлде күтпеген шешім қабылдап, таңғалдыруы мүмкін. Барды бар, жоқты жоқ дейтін реалист болып туғандар. Мысал – «Агент-007» фильмінің кейіпкері Джеймс Бонд.

Артист – ISFP

Ортасында абыройлы, альтруист, жанындағыларды жақсы көре білетін, кешірімді адамдар. Олар үнемі дау-дамайдан қашады  және  жаңа  нәрсені  үйренгенді  жаны  сүйеді.

Кәсіпкер – ESTP

Азартты жақсы көретін, тәуекелшіл адамдар. Тез шешім қабылдауды қажет ететін жобаларда бұл адамдардың пайдасы көп тиеді. Мысал – «Три мушкатера» романының кейіпкері  Дартаньян.

Көңіл көтеруші – ESFP

Ортаның сәні, сондай-ақ артсит әрі оратор. Әрқашан назар көп ауған жақта жүргенді ұнатады. Идея айтудан тартынбайды, эмоциясын жасырмайды. Бұл санатқа жататын адамдар өте мейірімді болып келеді. Мысал – «Ниндзя тасбақалар» мультфильмінің кейіпкері Донателло.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: