HALYQLINE.KZ Бүгінде облыста 209 мемлекеттік кітапхана бар. Осыған орай, жыл басынан бері облыстық кітапханалар 142 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетіп, қажетті мәліметтермен қамтамасыз еткен. Жалпы облыста – 4 млн 536 мың 168 дана кітап қоры бар болса, оның 2 млн 501 мың 913-і – мемлекеттік тілдегі кітап. Ал 7 мыңнан астам жаңа кітап кітапханалардың қорына алынды. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Айгүл Жанғабылова мәлімдеді.
– Кітапхана келушілеріне дәстүрлі қызметпен қатар электронды каталогтар, виртуалды анықтама қызметі, құжаттарды электронды жеткізу, әдебиеттердің мерзімін онлайн ұзарту сынды қызметтерді көрсетеміз. Сондай-ақ кітапханаларды заманауи білім беру орталықтарына айналдыру мақсатында 78 coworking орталығы ашылып, келушілерге ыңғайлы жағдай жасалды. Бұдан бөлек, облыс кітапханаларында цифрлық ресурстарды және электронды дерекқорларды құруға бағытталған бірнеше бағдарлама құрылды. Бұл сирек кітаптар қоры мен өлкетану басылымдарын цифрландыру үшін тиімді болмақ. Жалпы жыл басынан бері 609 дана кітап цифрлы форматқа көшірілген болатын. Қазіргі таңда цифрландырылған кітап саны – 15 499 данаға жетті. Халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, биыл облыс кітапханаларында 5314 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған 100 мыңнан аса адам қамтылды. Бұл жұмыстар жыл көлемінде үздіксіз жүргізілетін болады, – деді Айгүл Жанғабылова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!