Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

14 наурызға «Ұлыстың ұлы күні» деген мәртебе берілгені жөн

04.03.2024, 8:40 309

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.К.Тоқаевқа

Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мемлекеттік мереке санатындағы Наурыз мейрамы Халықаралық ЮНЕСКО ұйымында жалпыадамзаттық рухани құндылық ретінде тіркелгені мәлім. Алайда бұл мейрамның қазіргі кездегі атап өтілуі ойдағыдай емес. Оны өзіңіз де ескеру керектігін айтып жүрсіз. «Egemen Qazaqstan» газетінде 2024 жылғы 3 қаңтарда жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» атты сұхбатыңызда: «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек» деп бұл айтулы мерекені жаңаша ұйымдастыруға шақырдыңыз.

Осыған орай, Наурыз мейрамының жоғары деңгейде шешілуге тиісті түйткілді тұсына қатысты мынадай ұсыныстар жолдаймыз:

– 14 наурыз негізсіз түрде бүгінде «Амал мерекесі», «Көрісу күні» аталып жүр. Бұл күн, шын мәнінде, жалпытүркілік таным бойынша жаңа жылдың басы болып табылады. Сондықтан осы күнге арнайы «Ұлыстың ұлы күні» деген мәртебе берілуін сұраймыз;

– 21 наурыздағы мерекеге қатысы жоқ қисынсыз демалыс күнін 14 наурызға ауыстыруды;

– «Наурыз каникулы» деген ұғымды қалыптастыру үшін және мерекенің мәні мен мазмұнын аша түсетінін ескере отырып, мектеп оқушыларының көктемгі каникулын наурыздың 14-22-сі аралығына, ЖОО студенттердің каникулын 14 наурыз – 1 сәуір аралығына орайластыруды ұсынамыз.

Мемлекет және қоғам, өнер мен әдебиет қайраткерлері, ғалымдар, қоғам белсенділері:

1. Есім Ғарифолла, академик, жазушы;

2. Салғара Қойшығара, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері,жазушы, тарихшы-ғалым, профессор

3. Саят Мұратұлы Ыбыраев, ҚР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, техника ғылымдарының докторы, профессор;

4. Нұржан Светқали, ақын, қоғам қайраткері;

5. Артықбев Жамбыл, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

6. Алиев Орақ Жолмырзаұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор;

7. Керімбек Болат Бақбергенұлы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;

8. Нұрымова Гүлдара Алданышқызы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;

9. Тау Нұргүл, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;

10. Ерғали Серік Әбдірешұлы, наурызтанушы, түрколог, қоғам қайраткері;

11. Жақыпов Жантас, филология ғылымдарының докторы, профессор;

12. Тұрысбек Рақымжан Сағымбекұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор;

13. Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын;

14. Әбсеметов Марат Оралбайұлы, ҚР Көркем Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор

15. Бибайша Ілиясқызы Нұрдәулетова, филология ғылымдарының докторы, профессор

16. Жұмағұл Сағынбай, филология ғылымдарының докторы, профессор;

17. Сағидолла Гүлғайша, филология ғылымдарының докторы, профессор;

18. Сыздықова Гүлбаршын, филология ғылымдарының докторы, профессор;

19. Оразбек Мақпал Социалқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор;

20. Әбдуәли Бекжан, филология ғылымдарының докторы, профессор;

21. Кәпұлы Дәулеткерей, ақын, Жазушылар Одағы Астана филиалының төрағасы;

22. Дәулетбаева Әлия, ақын;

23. Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор;

24. Айтуғанова Сәулеш Шамшақызы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор;

25. Дүйсенғазы Серікзат, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын;ап

26. Әлібекұлы Ақжігіт, филология ғылымдарының кандидаты, доцент;

27. Сәуле Мешітбайқызы, «Қазақстан дәуірі» газетінің басшысы

28. Сағынадин Гүлназ Сағынадинқызы, PhD, доцент;

29. Кемербай Рауан, PhD, доцент;

30. Қалиев Қасқырбек, PhD, доцент;

31. Қуанышев Төлеген Шаңғытбайұлы;

32. Елекеев Ирак Қасымұлы;

33. Айтжан Айдашев, дипломат;

34. Елеукен Есентүгел, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті

35. Мәди Манатбекұлы;

36. Тулепов Нұржан Жолдығалиұлы, өлкетанушы;

37. Сисенов Серік, зейнеткер;

38. Құрманәлі Қалмахан;

39. Султанбекова Айнура;

40. Боранжанова Гүлнар;

41. Қақан Жақсыбек;

42. Гүлшат Сапарқызы;

43. Шәкен Тұрар Саттарқызы;

44. Қасым Тасболатұлы;

45. Нәсім Найман, «Қазақ-Карпет» директоры;

46. Қасым Найман;

47. Құрмашев Мұқажан.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: