Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Романтик қазақтар һәм «Движуха» туралы…

16.01.2025, 9:40 66

Романтизациялау – ностальгия ғой.

Ол қайта келмес заман – бүгінгі қариялардың жас­тық шағы. Романтикалық дәуірі. Соған сай ностальгия бар. Ендеше, олардың сол кездегі өмірлерін роман­тизациялауы – табиғи құбылыс.

Егер, мәселе тарихи оқиғалар туралы болса, онда, әрине, оған объективті сараптама қажет.

Сол сияқты, өнердің дамуын да шынайы ғылыми негіз­де  зерттеу  керек.

Мәселен, қазақтың қолөнері ол кезде тек «прикладное искусство»  деп  аталды.

Ол «тұрмыстық қолданыс деңгейінде қалған» деген мағынаны  білдірді.

Сондықтан, ол кезде қолөнерімізді ұлттық дүниетаным­мен  байланыстыра  қарауға  мүмкіндік  берілмеді.

Себебі, олай болса, «Алтын адам» дәуіріндегі қоғамды суреттеп, оның өзгеден қаншама озық тұрғаны мойындалушы  еді.

Ол «орыс  халқының төңірегіне біріккен» «Ұлы дос­тық»  идеологиясына  күмән келтіріп, аз халықтардың ұлттық  санасын  оятар  еді.

Сөйтіп, жаңа тарихи қауымдастық – Совет халқының пайда болуы мүмкін болмай қалар еді…

Бәрі жақсы келе жатыр еді…

Қазақтар бүлдірді…

1986-да көтеріліске шығып, «Совет халқы» деген екі­жүзді  саясаттың  шын  бетпердесін  ашып  тастады.

Соңында Совет үкіметі құлады.

Әй, қазақтар-ай, тыныш отыра алмайсың, әйтеуір!

Саған да үнемі бір «движуха» керек болады да тұрады…

Әбдірашит  БӘКІРҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: