Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Республикалық студенттік кеңестің IV отырысы өтті

19.07.2024, 15:00 365

Ағымдағы жылдың 17-18 шілде күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министр Саясат Нұрбектің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Республикалық студенттік кеңестің IV отырысы өткізілді.
Студенттік кеңестің міндеттері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мәселелер бойынша білім алушылардың мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау, қабылдау кезінде олардың пікірлерін есепке алу, Министрліктің студент жастармен өзара іс-қимылын дамыту болып саналады.
Шараға «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Расул Базарханұлы және өңірлік жоғары оқу орындарынан келген 80-ге жуық белсенді студенттер, өзін-өзі басқару ұйымдарының басшылары мен студенттік омбудсмендер қатысты.
Кеңестің негізгі отырысынан кейін «Quiz Sтуденттер алаңы» интеллектуалды ойыны өтіп, онда студент жастардың интеллектуалды қабілеттерін дамыту мен достық қарым-қатынасты нығайту шыңдалды. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар ел болашағы үшін маңызды қадамдар жасалатын орын Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына экскурсия жасады. Олар шетелдік делегациялардың Қазақстан Парламенті Сенатына тарту еткен сыйлықтар қойылған көрменің экспонаттарын аралап көрді. Палатаның электрондық музейіндегі қазіргі және бұрынғы сенаторлар туралы деректермен және алғашқы отырыстар туралы бейне ақпаратпен танысты.
Сонымен қатар, студенттер сенаторлардың жалпы отырыс залында да болды. Онда Сенаттың жұмысы және заң шығару қызметінің ерекшеліктері және Палата комитеттерінің қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпараттар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: