Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызықты сандар

19.10.2023, 9:20 340

Бос уақытымда қызықты болуы мүмкін деп төмендегі мақаланы аудардым.

Жер бетінде 8 миллиард адам тұрады. Егер әлемдегі 8 миллиард адамды 100% деп есептесек, ОЛАРДЫҢ:

* 11%-ы – Еуропада,

* 5%-ы – Солтүстік Америкада,

* 9%-ы – Оңтүстік Америкада,

* 15%-ы – Африкада,

* 60%-ы – Азияда,

* 49%-ы – ауылдарда,

* 51%-ы қалаларда тұрады екен.

СОНЫМЕН ҚАТАР:

* қытай тілінде 12%-ы,

* испан тілінде 5%-дан артығы,

* ағылшын тілінде (мұнда ағылшын тілін білетіндер мен қолданатындарды  қоспаған  секілді) 5%-ы,

* араб тілінде 3%-ы,

* хинди тілінде 3%-ы,

* бенгал тілінде 3%-ы,

* португал тілінде 3%-ы,

* орыс тілінде 2%-ы,

* жапон тілінде 2%-ы,

* 62%-ы өзінің ана тілінде сөйлейді (мысалы, қазақ тілінде).

* 77%-ының жеке тұрғын үйі бар.

* 23%-да баспанасы жоқ.

* 21%-ы артық тамақтанады.

* 63%-ы қалағанынша жейді.

* 15%-ы толық тамақтана алмайды.

* 48%-ның біркүндік тіршілігінің кірісі  2  доллардан  төмен.

ХАЛЫҚТЫҢ:

* 87%-да таза ауызсуы бар.

* 13%-ы таза ауызсу көздері жоқ, немесе ластанған су қолданады.

* 75%-ының мобильді құрыл­ғысы  бар.

* 25%-ының ұялы телефоны жоқ.

* 30%-ының интернеті бар.

* 70%-да интернетке кіретін мүмкіндігі  жоқ.

ЖАЛПЫ  АДАМДАРДЫҢ:

* 7%-ының  жоғары  білімі  бар.

* 93%-ы  колледж  немесе  универ­ситетте  оқымаған.

* 83%-ы оқи алады.

* 17%-ы сауатсыз.

* 33%-ы – христиан дінінде,

* 22%-ы – мұсылмандар,

* 14%-ы – хинду дінінде,

* 7%-ы буддизмді,

* 12%-ы басқа діндерді ұстанады.

* 12%-ы ешқандай дінді ұстанбайды.

* 26%-ы 14 жастан төмен,

* 66%-ы 15 пен 64 жас аралығында  өледі.

* 8%-ы – 65-тен жоғары жастағылар.

Егер жеке пәтерің болса, жеткі­лікті тамақтанып, таза су ішсең, ұялы телефонды пайдаланып, интернетте саяхаттап және колледжді немесе университетті бітірген болсаң, СЕН жақсы жағдайда тұратын шағын топқа (халықтың 7%-дан азы)  жататыныңды  түсінесің.

Әлемдегі адамдардың жалпы саны­ның (100%) тек 8%-ы 65 жасқа дейін өмір сүре алатын мүмкіндігі бар.

Егер  сен  65  жастан  асқан  болсаң, көңілің  тоқ, өміріңе риза болуың керек. Өмірді бағала, әр сәттің­ді  бағала. Барлық  адамның  92%-ы сияқты, осы дүниеден ерте кетіп қалмай 65 жасқа толған болсаң, өмірдің  әрбір  сәтін  бағала!

Осы сандарға қарап, біздің өмір сүретін деңгейіміз туралы ойлануымыз қажет. Біз білім деңгейі және интернетті пайдалану тұрғысынан әлемде біршама ілгері қатарда екенімізді көре аламыз. Оның үстіне, ол үлкен табиғи ресурстарға ие және географиялық тұрғыдан Азия мен Еуропаны және екі державаны Ресей мен Қытайды байланыстырамыз. Сондай-ақ, «Жаңа Қазақстан» саясатын бағдар тұтып отырмыз. Талап­тансақ, елімізді қысқа мер­зімде  әлі де ілгері дамыту мүмкіндіктеріне ие бола аламыз деп бол­жауға  болады.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: