Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданың жол құрылысында қандай кемшіліктер жиі кездеседі?

09.04.2025, 10:45 151

Қызылорданың жол құрылысы саласында асфальт-бетон қалыңдығының жетіспеуі, айналма жолды дұрыс күтіп-ұстамау сияқты кемшіліктер жиі кездеседі, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы өткен жылы 5 нысаннан 1760 сынама алған. Соның 132-сі немесе 7,5%-ы нормативке сәйкес келген жоқ. 115 кемшілік қалпына келтірілді. Ал аспаптық тексеру барысында 7 ақау анықталды. Тапсырыс берушілер мен мердігерлерге кемшілікті жою жөнінде ескертілген.

“Ескерту нәтижесінде 6 лот бойынша жалпы сомасы құны 40 млн теңгеге жуықтайтын жолдың 414 шаршы метр асфальт-бетон жамылғысы, 14 352 шаршы метр басты қабаты ауыстырылды. Сынама жүргізу кезінде анықталған негізгі кемшіліктер – асфальт-бетон жол қалыңдығының жетіспеуі, айналма жолға дұрыс күтім жасамау. Бүгінгі күні мердігер мекемелер — Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс, Гуйчжоу жол-инженерлік корпорациялары асфальт жабындысын талапқа сай қайта салып жатыр. Мұндай кемшілікті жергілікті «Қыран» серіктестігі дереу қалпына келтірді”,– деді облыстық филиалдың бөлім басшысы Ержан Усманов.

Мекеме өкілдері жыл басынан бері 61 сынама алса, соның 2-і нормативке сәйкес келмеген. Бүгінгі күні осы және аспаптық тексеру барысында анықталған ақаулар да жөнделді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: