Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтарға референдумда дауыс беру үдерісін жеңілдететін цифрлық сервистер ұсынылды

26.02.2026, 13:25 44

15 наурыз күні өтетін республикалық референдум қарсаңында Қызылорда облысында дауыс беру процесін қолжетімді етуге бағытталған бірқатар арнайы цифрлық платформалар іске қосылды.

Облыс тұрғындары referendum.orda.gov.kz сайты арқылы өздерінің дауыс беру учаскесін оңай анықтай алады. Ол үшін азаматқа тек ЖСН нөмірін енгізу жеткілікті. Платформада учаскелік референдум комиссиясының орналасқан мекенжайы, байланыс деректері және комиссия мүшелері туралы толық мәлімет ұсынылады. Сонымен қатар пайдаланушылар Яндекс картасы арқылы өз учаскесіне апаратын бағытты да көре алады.

Аталған қызметтер тек сайтпен шектелмейді. Тұрғындар үшін “Smart Qyzylorda” мобильді қосымшасы мен Telegram желісіндегі арнайы бот https://t.me/referendumKzo_bot іске қосылған. Бұл сервистер арқылы да әрбір дауыс беруші өз учаскесіне қатысты қажетті ақпаратты жедел түрде ала алады.

Референдум күні қосымша қолдау көрсету мақсатында 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Диспетчерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, дауыс беру учаскелерінің орналасуы жөнінде ақпарат ұсынады.

Бұдан бөлек, дауыс беру күні Қызылорда қаласында бес учаскеде онлайн тіркеу сервистері ұйымдастырылады. Бұл қызмет тізімде жоқ азаматтарды дауыс беру күні жедел тіркеуге мүмкіндік береді.

Коллаж: Halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: