HALYQLINE.KZ Осы жылдың 1 қазанында Халық санағының екінші кезеңі басталды. Санақтың II кезеңі 1 қыркүйектен басталып 30 қазанға дейін жүргізіледі. Ал, онлайн санақтың қорытындысы бойынша облыста 437738 адам халық санағынан өтіп, 53,2 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы бойынша Қызылорда облысы онлайн санақтан өту рейтингісінде екінші орында. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шаменова баяндады.
-Халық санағы – мемлекеттік дәрежеге ие, көптеген сұрақтарға жауап беретін саяси іс-шара. Ұлттық халық санағының негізгі логотипі мен девизі бұл – Қазақстанда әркім маңызды. Санақ нәтижесі бойынша алынған деректер демографиялық үрдістерді өлшеуге, салыстыруға, талдауға және ағымдарын болжауға мүмкіндік береді. Биылғы өткізіліп жатқан халық санағының алдыңғыларының өз ерекшеліктері бар. Бірінші рет санақты онлайн элоктронды форматта жүргізілуде. Онлайн санаққа қызылордалықтар белсенді қатысып, республика бойынша алдыңғы қатарда, – деді облыс әкімінің орынбасары Балжан Мөрәліқызы.
– Қазіргі таңда, II кезеңде санақ бөлімінің жұмыстарына 4 адам, 41 нұсқаушы, 138 нұсқаушы-бақылаушы, 1 қазаннан бастап 758 сұқбатшылар уақытша жұмысқа тартылды. Бүгін де, планшет құрылғысы оффлайнмен санақтан өткен халықтың саны 358828 адам немесе 43,6 пайыз құрап отыр. Облысымыздағы халықтың жалпы халық санағынан өтуі 96,8 пайыз немесе 796566 адамды құрады, – деді Облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.
Өңіріміздегі барлық 108 санақ учаскелері, эпидемиологиялық талаптар сақталынды, жүргізетін персоналдар вакцинацияланған және қажетті құрал-жабдықтармен маскалармен және дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз етілді. II кезеңдегі сұқбатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әрбір санақ учаскелеріне полиция департаментінің учаскелік инспекторлары бекітілген. Сонымен қатар, сұқбатшылар 1-30 қазан аралығында Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерде тегін жүру қарастырылған. Облыс көлемінде орналасқан жабық мекемелер толығымен онлайн санақтан өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!