Бұл қызмет еліміз бойынша 9 қалада жұмысын бастап отыр.
Бұған дейін пилоттық жоба Астана мен Алматыда ғана енгізілген болатын.
Сол уақыттан бері қызмет алушылар постомат арқылы 2 мыңнан астам құжат алғаны жайлы дерек бар.
Енді қызылордалықтар тәулік бойы жұмыс істейтін постоматтарды қолданып, өз уақытын үнемдей алады. Өйткені, өңірге дайын құжаттарды алуға арналған құрылғы тұңғыш рет орнатылды.
Мұндай постоматтар еліміздің тағы 12 ХҚКО-да орнатылып отыр. Олар 24/7 режимінде жұмыс істейді. Азаматтар постоматтардан өз құжаттарын кез келген ыңғайлы уақытта, тіпті жұмыстан кейін де ала алады. Сервисте қызметтің 11 түрі қолжетімді. Яғни, баланың тууын тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқалары және тағы басқалары бар.
– Аталған қызметтер бойынша өтінімді рәсімдеу кезінде клиентке нәтижені постоматтан алу туралы ұсыныс айтылады. Клиент құжаттың дайын болғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін 3 күннің ішінде құжатты алуы тиіс.
Ұяшық биометриялық сәйкестендіруден өтіп, SMS-хабарламадағы 5 таңбалы кодты енгізгеннен кейін ашылады. Бұл қауіпсіздік мақсатында үшінші тұлғалардың сервисті пайдалана алмауы үшін жасалған.
Дайын құжаттардың нәтижелерін алу үшін қызмет алушыларға ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Келген SMS-хабарламаға келісім беріп, құжаттарды үйге дейін жеткізуге тапсырыс бере аласыз, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Қызылорда облысы бойынша филилының, фронт-офисттерді үйлестіру басқарма басшысы Гүлназ Бадракова.
Жаңа постомат Қызылорда қаласы, Астана көшесі №46 мекенжайындағы Астана Плаза сауда орталығында орналасқан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!