Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық жолшылар қола жүлде жеңіп алды

11.12.2023, 17:20 229

Сыр өңірінің жолшылары ҚР Көлік министрлігі Авмтобиль жолдары комитеті төрағасының Кубогі үшін шағын футболдан өткен республикалық турнирде үздіктер қатарынан көрінді. Ала доп бәсекесінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 команда бақ сынады. Футболды жанына серік етіп, доп тебуге машықтанған жол саласының мамандары жасыл алаңда әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, әрбір кездесу тартысқа толы болды. Қызылордалықтар топтық кезеңде Атырау, Павлодар облысы мен Астана қаласының командаларымен шеберлік байқасып, елордалықтармен бірге плей-офқа жолдама алды. Ширек финалда «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мекемесі аяқдопшыларымен ойынның негізгі уақытында тең түсіп, пенальти сериясында басымдық танытты.

Бірақ, жартылай финалда «ҚАЖ-Сервис» командасына жол беріп қойды. Ал үшінші орын үшін таласта Сыр өңірінің жолшылары Ақтөбе облысы құрамасын 4-3 есебімен жеңіп, республикалық турнирдің қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Қызылорда облысының намысын қорғаған Қанат Асқаров турнирдің «Үздік қақпашысы» номинациясын иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: