Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық ұландықтар алғашқы жауынгерлік қызметке шықты

25.08.2025, 14:45 141

Бүгін тамыздың мамыражай күндерінің бірінде 5547 әскери бөлімнің жас сарбаздары алғаш рет жауынгерлік қызметке аттанды. Бұл – қызмет негізінде сарбаздардың Отанға деген қалтқысыз сүйіспеншілігі мен адалдығы анықталатын кез.

Кеше ғана әскери антты қабылдаған жас сарбаздарымызға қару-жарақ бекітіліп, әскери техника да тағайындалды. Бүгіннен бастап олар құқық қорғау органдырының қызметкерлерімен бірге Қызылорда қаласының  тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын қамтамасыз етіп, дербес қызметке кіріседі.

Сарбаздар бір ай көлемінде жас сарбаз курсыннан өтіп, бөлімнің күн тәртібіне, жаңа ортаға бейімделіп, әскери қызметтің қыр-сырын меңгерді. Әскери Жарғы талаптарын, қаланың барлық аудандарын, қызмет атқару ережелерін үйренді. Жауынгерлердің барлығы психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өткен.

Жауынгерлік қызметке алғаш түскелі отырған жалынды жас сарбаздарды 5547 әскери бөлім командирі подполковник Жасұлан Беркенов саптық алаңда өткен таралымда құттықтап, жеке құрамға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, заңдылық пен әскери жарғы талаптарын қатаң сақтауды, халыққа қалтқысыз қызмет етуді тапсырды.

Айта кетейік, Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында тонау, ұрлық және қарақшылық фактілерін ашады, іздеуде жүрген күдіктілерді ұстайды, есірткі қолданушыларды құрықтайды, сондай – ақ ата-аналарға жоғалған балаларын табуға көмектесіп келеді.

Біз де өз тарапымыздан жас сарбаздарымызға сәттілік тілейміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: