Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер жоғалған баланы іздеп тапты

09.02.2024, 9:10 181

HALYQLINE.KZ

8 ақпан күні Байқоңыр қаласында 4-сынып оқушысы үйден шығып, қайта оралмаған. Бұл жөнінде сағат 21:30 шамасында ҚР ІІМ-нің кезекші бөліміне хабарланып, РФ ІІМ «Байқоңыр» кешенінің кезекші бөлімінде арыз тіркелген.

Дер кезінде Өкілдіктің жеке құрамы толығымен жұмылдырылып, РФ ІІБ, РФ Төтенше жағдайлар басқармасы, Қармақшы аудандық білім саласының қызметкерлерімен бірлескен жоспар әзірленіп, Байқоңыр қаласында іздестіру жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, бейне камераларға мониторинг жүргізілді.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел шаралар нәтижесінде жоғалған бала аман-есен табылды. Оны Өкілдіктің тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция лейтенанты Бекжан Ұлықбекұлы көпқабатты үйдің подъезінде ұйықтап отырған жерінен табады. Дін аман табылған бала ата-анасына тапсырылды. Полицейлер мән-жайларды анықтауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: