Қызылорда облысы ТЖД “Жедел құтқару жасағы” РММ Кинология тобының бас құтқарушы-кинологы Тұрғанбай Қанат 1984 жылы 21 наурызда Қызылорда қаласында туылған. Жоғары білімді заңгер. Семей қаласындағы №5511 әскери бөлімде Отан алдындағы әскери борышын өтеген.

Әскерде кинологияға қызығушылығы артып, кинология жұмысына машықтанған. Туған жерге келген соң хоббиі қызметіне айналған. 16 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман голден ред ривер, неміс овчаркасы және белгиялық овчарка тұқымдас 4 итті авариялық-құтқару ісіне дайындаған. Ол отбасылы, 1 қыздың қамқор әкесі.
«Құтқарушы иттер тек сөйлей алмайтыны болмаса, барлығын да ұғады”, – дейді кинолог Қанат Маратұлы.
Қызылорда облысы ТЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!