Бұл туралы Қызылорда облысының Полиция департаменті хабарлады.
Қаңтардың 8-іне қараған түні Қызылорда қаласында аса ауыр қылмыс тіркелді. Пышақ жарақаттарының салдарынан қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы қаза тапты.
Қайғылы оқиға туралы полицияға марқұмдардың көршілері хабар берген. Шақырту түскен бойда оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ұсталған азамат – қаза тапқан жәбірленушілердің көршісі.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қызылорда облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!