Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордадағы жәрмеңкеде 265 миллион теңгенің өнімі сатылмақ

24.09.2020, 14:30 599

HALYQLINE.KZ Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев Нұр-Сұлтан қаласында өткен және Қызылорда қаласында болатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтып берді.

Биылғы жылы Қызылорда облысы аграрлық саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Егіс көлемі 1,1 мың гектарға артып, 184,2 мың гектарды құрады. Барлық дәнді дақылдар 99,9 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 61,0 мың гектар, картоп, көкөніс, басқа 17,6 мың гектарды құраса, негізгі дақыл күріштің көлемі 89,5 мың гектарды құрады.

Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері қазіргі таңда әлемнің 17 мемлекетіне экспортталуда. Экспортталған өнімнің 92,4 пайызы облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі болып, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне шығарылуда.

Осы жылдың 19-20 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында Ақтөбе облысымен бірігіп Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде Қызылорда қаласы мен 7 ауданның шаруашылығы диқандарының қатысуымен 44 автокөлікпен 457 тонна өнімдер, оның ішінде 207 тоннадай күріш, бақша өнімдері 186,0 тонна, балық және балық өнімдері 27 тонна, көкөніс, жеміс 23 тоннаға жуық және т.б. өнімдер жеткізілді.

– Бүгінде ауылдағы «алқаптан сөреге дейін» кооперациялық тізбегін іске асыру бастамасымен сыр өңірінің диқандары және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы 130 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін апарып, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына нарық бағасынан 10-20% төмен бағада сатылды.

Ұйымдастырушыларға жеткізілген өнім көлемдері төмен бағада сатылғандықтан, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және апарылған өнімдердің 80% жуығы сатылғандықтан, Қызылорда облысының дихандары өз ризашылықтарын білдірді, – деді Шахмардан Қойшыбаев.

Сонымен қатар, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ауылшаруашылық жәрмеңкелері маусымын бастау жоспарлануда.

25-26 қыркүйек аралығында өтетін қала күніне орай, облыстың барлық аудандарының Қызылорда қаласына келуімен жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Әрі қарай, 1 желтоқсанға дейін әр демалыс күндері (сенбі) екі ауданан келіп өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынатын болады.

Осы ұйымдастырып жатқан жәрмеңкеде, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен басқа «Байқоңыр» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының өнімдерін белгіленген нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынады.

Айта кеткені жөн, мұндай ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу әлеуметтік маңызы бар өнімдерді және басқа да өнімдерді арзан бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Бүгінде ауыл шаруашылық жәрмеңкелері халықтың барлық жіктерінің сатып алу қабілетін ынталандыруға және көмектесуге арналған.

Тұрғындар үшін делдалдарды сату тізбегінен шығарып, өндірушіден тікелей тауарларды сатып алу маңызды болғандықтан тұрғындар сапалы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден тікелей төмен бағада сатып алуға мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша, біз «Егіс алаңнан сөреге дейін» қағидаты бойынша белсенді жұмыс ұйымдастырдық.

Тұрғындарға карантин кезінде қатаң шараларды сақтау керек екенін еске салғым келеді: бетперде киіп, қолды антисептикпен өндеу, жәрмеңкелерге барған кезде қашықтықты сақтау қажет, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, 26 қыркүйек күні өткізілетін жәрмеңкеге 414 көлікпен Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың тауар өндірушілерімен жалпы 1 555,0 тонна (оның ішінде, көкөністер, жемістер, күріш, ет, балық және сүт өнімдері) көлемінде 265,6 млн теңгенің тауарлары ұсынылатын болады, атап айтқанда, бұл көкөністер, жемістер, күріш, ет, балық және сүт өнімдері жеткізіліп қала әкімдігімен белгіленген жәрмеңке өту орындарында сатылуы жоспарлануда.

Жәркеңке өтетін жерлер:

Арал ауданы – С.Торайғыров көшесінің бойы (Қорқыт ата көшесінің қиылысы мен Исаев көшесінің аралығы);

Қазалы ауданы – Ғ.Мұратбаев көшесі мен Қ.Яссауй көшесінің қиылысы, («Шұғыла» мөлтек ауданы);

Қармақшы ауданы – «Журба» көшесінің бойы (Сахи Романов көшесі мен Саламатов көшесінің аралығы);

Жалағаш ауданы – Ә.Қашаубаев көшесінің бойы (Жетікөл көшесімен қиылысы);

Сырдария ауданы – Жанқожа батыр көшесі (Реалбаза алды);

Шиелі ауданы – Тасбөгет кенті (Орталық алаңы);

Жаңақорған ауданы – Астана даңғылы (Е.Көшербаев көшесі мен А.Иманов көшесінің аралығы);

Қызылорда қаласы – С.Толыбеков көшесінің бойы, (Тағзым алаңының алды).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: