Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тәуелсіздік күні 32 сәби дүниеге келді

19.12.2025, 0:44 36

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — халқымыз үшін тарихи маңызы зор, айрықша мереке. Осы айтулы күні аймағымызда 32 сәби дүние есігін ашып, мерекенің мәнін одан әрі арттыра түсті.

Тәулік ішінде 20 қыз бала, 12 ұл бала өмірге келген. Қазіргі уақытта барлық аналар мен жаңа туған сәбилердің жағдайы жақсы, олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Еліміздің ең қастерлі күнімен тұспа-тұс келген бұл қуанышты сәт Тәуелсіздіктің мәңгілігін, ұрпақ сабақтастығының жалғасып жатқанын айғақтайды. Айтулы күні дүниеге келген бүлдіршіндер ер жетіп, еліміздің дамуына үлес қосар, Қазақстанның мақтанышына айналар азаматтар болып өссін!

Фото: Pixabay / Madlen Deutschenbaur

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: