2026 жылдың 5-7 қаңтар аралығында Қызылорда қаласы Полиция басқармасы тарапынан «Қысқы демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қала аумағында оқушылардың демалыс кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен өзге де қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу. Сондай-ақ топтық төбелес, суық қару мен тыйым салынған заттарды алып жүру, құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу және жасөспірімдермен байланысты оқыс оқиғалардың алдын алу көзделген.
Профилактикалық шара барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдерді тізімдік және профилактикалық есепке алу, сондай-ақ баласының тәрбиесімен жеткілікті айналыспайтын ата-аналарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Құқық бұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Л.Ахметова,
Қызылорда КПБ ҚҚб ЮПб бастығы,
полиция подполковнигі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!