Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада көпқабатты үйге алғаш рет ыстық су берілді

29.10.2024, 12:10 214

Алдағы 2-3 жылдықта мәселе түбегейлі шешімін табуы мүмкін.

«Аристондар мекені» атауынан арылуға 11 миллиард қаржы бөлініп отыр.

Бұған дейін Қызылорда қаласы республикадағы ыстық су мәселесі шешілмеген бірден-бір аймақ болатын.

Биыл Мемлекет басшысының қолдауымен Үкімет резервінен 11 млрд теңге қаржы бөлініп, 186 көпқабатты үйлерге ыстық сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін шаһарда алғаш рет Сол жағалаудағы №34-ші көпқабатты үйге ыстық су берілді. Апта соңына дейін Астана мөлтек ауданындағы 13 үйге ыстық су жеткізілетін болады.

Бұл туралы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Ыстық сумен жабдықтау басқармасының басшысы Бауыржан Кушенбаев мәлімдеді.

– Қалған 172 үйдің өжіресіне бүгінде құбырлар толығымен тартылып, ендігі кезекте пәтерлерге есептегіш құралдар мен тіреуіштер орнатылуда. Дайын үйлерге ыстық су осылай кезекпен қосыла береді. Жалпы, қала бойынша ыстық су толығымен жылдың соңына дейін іске қосылатын болады, – дейді ол.

Айта кетейік, ыстық сумен жабдықтау жұмыстары қаламызда екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең бойынша биыл – 186 үй, екінші кезеңде 2025 жылы 250 үй орталықтандырылған ыстық сумен қамтылады. Сондай-ақ, ыстық су тек жылу маусымында ғана емес, қысы-жазы толығымен қамтамасыз етіледі.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: